Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады, боран соғады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады 2-7, күндіз екпіні 9-14 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +11+13.
Алматыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде желдің екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +15+17.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +15+17.
Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +12+17.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +10+15.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ ажууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +10+15.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілгі сақталады. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +15+20.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, боран соғады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ жауады. Ауа температурасы күндіз +22-27, түнде +10+15.
Қостанай облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде дауыл тұрады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +10+15.
Алматы облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +24+29, түнде +12+17.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +15+20.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +22+27, түнде +8+13.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, дауыл соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +20+25.
Атырау облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз күн қатты ысиды. Күндіз +30+35, түнде +20+25.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +22+27, түнде +7+12.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +20+25.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады, Шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейі көтеріледі. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейінің төмендеуі жалғасады», - деді синоптиктер.

adimage