Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар күтіледі

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Циклонның ықпалымен Қазақстанның басым аумағында қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде жаяу сырма соғады, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу сырма соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде 0+2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +19+31.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с жетеді, кейде 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +6+8.
Шығыс Қазақстан облысында қар және жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +11+16, түнде 0+5.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр аралас қар жауады, жаяу сырма соғады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 0+5, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында қар аралас жаңбыр жауады, түнде де қар аралас джаңбыр жауады, көктайғақ, 15-20 жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз ++2+7, түнде -2-7.
Атырау облысында жауын-шашын түспейді,. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28, оңтүстік-батысында 30 м/с және одан жоғары. Күндіз +8+13, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, жаяу сырма соғады. 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -3+2, түнде -3+2.
Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +15+20, түнде +3+8.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20, екпіні 23-28 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде +3+8.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін тұман. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Қостанай облысында қар аралас жааңбыр жауады, тұман, көктайғақ, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Қарағанды облысында қар аралас жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 0+5 (оңтүстігінде +8), түнде -2+3 (оңтүстігінде +10).
Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады, кұндіз екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +18+23, түнде +2+7.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +11+16, түнде +4+9.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде қар аралас жаңбыр жауады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +5+10, түнде +1+6.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер

adimage