Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және жылымық қар күтіледі

Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және жылымық қар күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атлантикалық циклонның, және сонымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республика бойынша жауын-шашын түседі, кей жерлерде қалың жауын-шашын түседі, жаңбыр және жылымық қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, күн күркірейді, жел күшейеді», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде оңтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде +4+6.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +7+9.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады түнде 8-13, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +10+12.
Жамбыл облысында жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +18+23, түнде +7+12.
Түркістан облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +17+22, түнде +10+15.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, жылымық қар жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз 0+5, түнде 0+5.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. күндіз +19+24, түнде +6+11.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жел тұрады, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз +7+12, түнде +1+6.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі, жылымық қар жаууы мүмкін. Күндіз +4+9, түнде +1+6.
Павлодар облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жел тұрады, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз +18+23, түнде +2+7.
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +17+22), түнде +2+7 (оңтүстігінде +10).
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады. Күндіз 0+5, түнде -3+2.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр күтіледі, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Атырау облысында жаңбыр күтіледі, түнде жылымық қар жаууы мүмкін. Күндіз +5+10, түнде -2+3.
Маңғыстау облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Қызылорда облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +7+12, түнде +3+8.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +3+8.
«Алдағы үш тәулікте Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында көктемгі су тасқыны ары қарай жалғасады, мұз қату әлсірейді, су деңгейінің көтерілуі мүмкін, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында ауа температурасының көтерілуіне орай мұз қату төмендейді және су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage