Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Күні: 09:23, 30-04-2019.

Астана. 30 сәуір. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде бұрынғысынша жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында жауын-шашынды, көбіне қар жауады. Кей жерлерде тұман, жел тұрады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде жаңбыр жауады, күндіз де жауын-шашынды (жаңбыр, қар), күн күркірейді, бұршақ жауады, көктайғақ. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +8+10, ары қарай 0+2 дейін төмендейді, түнде +5+7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Екпіні 2-7м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +8+10.
Шымкентте күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +10+12.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, ертеңгісін және күндіз бұрқасын болады. Күндіз +23+28, түнде +10+15.
Ақмола облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде көктайғақ болады, төменнен сырма соғады, бұрқасын, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ, төменнен сырма соғады,кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +3+8, түнде 0-5.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ, төменнен сырма соғады, бұрқасын, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +2+7, түнде -3-8.
Қарағанды облысында жауын-шашынды, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 метрге жетеді, күндіз бұрқасын, бұршақ жауады. Ауа температурасы күндіз +3+8 (оңтүстігінде +20), түнде +3+8.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 25 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +15+20, түнде +7+12.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 25 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +13+18, түнде +5+10.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, ертеңгісін және түнде кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +21+26, түнде +10+15.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +10+15.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +6+11.
Атырау облысында түнде кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16, түнде +3+8.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +5+10, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз + 7+12, түнде 0-5.
«Алдағы тәулікте республиканың таулы өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады. Павлодар облысы маңындағы Ертіс өзенінде су көлемінің аздап көбеюі байқалады. . Сергевский су қоймасының төменгі жағындағы Есіл өзенінде су деңгейінің жоғары белгісі сақталады. Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде Көктөбе СҚ-Төменарық СҚ бөлігінде Шардара су қоймасынан судың келуіне байланысты су деңгейінің артуы байқалады»,- деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: