Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады

Күні: 09:26, 02-07-2019.

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, солтүстік-батысында және солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +15+17.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +20+22.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +22+24.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр күтіледі, кей жерлерде найзағай, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары болады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +24+29, түнде +14+19.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі, найзағай, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде дауыл тұрады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +24+29, түнде +12+17.
Қостанай облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, кей жерлерде дауыл түрады, 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +15+20.
Қызылорда облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-25 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +25+30.
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай болады, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23-25 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде түнде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +12+17.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +25+30.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 18-23 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +35+40, түнде +20+25.
Атырау облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +22+27, түнде +12+17.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +9+14.
Маңғыстау облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +13+18.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +18+23.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +20+25, түнде +8+13.
«Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы таулы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады. Оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты, су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: