Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Күні: 09:23, 02-04-2019.

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым аумағында жауын-шашын түседі, оңтүстігінде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, тек республиканың шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз +9+11, түнде 0-2.
Алматыда бұлтты, кейде жаңбыр жауады. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +6+8.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +3+5.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, күндіз шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз +17+22, түнде +1+6.
Атырау облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тқман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +5+10, түнде +3+8.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, тұман түседі. Күндіз +11+16, түнде -3+2.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын түседі, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +4+9.
Ақмола облысында ауа райы жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -3+2.
Жамбыл облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +3+8.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +5+10.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлердежаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +8+13, түнде 0-5.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күн күркірейді. Күндіз +21+26, түнде +1+6.
«Алдағы тәулікте Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар жалғасады. ШҚО өзендерінде ауа температурасының жылынуына байланысты жергілікті және беткейлік ағынның қаыптасуы, мұз кептемелердің қалыптасуы, су деңгейінің ары қарай көтерілуі күтіледі. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде мұз қату құбылыстарының әлсіреуі, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: