Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел тұрады, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан 9-14 жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +26+28, түнде 18+20.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде +21+23.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +17+19.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, кейде найзағай, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде, күндіз 15-20 жел тұрады, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с. Күндіз +24+29, түнде +16+21.
Түркістан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл, шаңды дауыл соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +17+22.
Қызылорда облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, күндіз және ертеңгісін кей жерлерде дауыл тұрады, шаңды дауыл соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +26+31, түнде +15+ 20
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауады, 15-20 м/с жел тұрады, дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз+16+21, түнде +9+14.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +12+17.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +14+19.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +23+28, түнде +17+22.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20м/с шаңды дауыл тұрады. Күндіз +22+27, түнде +13+18.
Атырау облысында да түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз +21+26, түнде +13+18.
Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +10+15.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз+27+32, түнде +10+15.
Алматы облысында Алакөл өзені ауданында 17-22 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +18+23.
Жамбыл облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +18+23.
Ақмола облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +15+20.
«Алдағы тәулікте ресубликаның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
