Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл тұрады, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 14 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде 16+18.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде +21+23.
Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз, 3-9 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +37+39, түнде +21+23.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін тұман түседі, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +10+15.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +10+15.
Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +36+41, түнде +21+26.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +19+24.
Атырау облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +12+17.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз+19+24, түнде +9+14.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде қатты ыстық сақталады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +34+39, түнде +18+23.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз+29+34, түнде +13+18.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі, шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз кей жерлерде қатты ыстық сақталады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +13+18.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +37+42, түнде +20+25.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде 16 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +12+17.
Алматы облысында күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +20+25.
Қарағанды облысында күндіз қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +12+17.

adimage