Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн ашық болады

Күні: 10:14, 14-10-2014.

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн ашық болады,  қалған аумағында жауын-шашынды болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
Астанада көшпелі бұлт шығады, кейде жауын жауады, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, кндіз екпіні 15-18 м/с болады, ауа температурасы күндіз +11+13°С болады.
Алматыда ала бұлтты, жауын күтілмейді, батыстан 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз +10°С болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерінде жауын жауады, ауа температурасы сәйкесінше, +3+8 және +11+16. Ақмола облысының кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, +8+13. Павлодар облысында жауын жауады, кей жерлерінде 17-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы +8+13.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +8+13 және +5+10.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан Қызылорда облысында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +16+21, +17+22, +19+24 және +20+25 болады.
Маңғыстау облысында кей жерлерінде аздап жауын жауады, +20, Ақтөбе облысында жауын жаумайды, ауа температурасы +11+16; кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады.  Атырау, Батыс-Қазақстан облысында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +17+22 және +14+19.
Қазақстанның оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының, шығысының таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Жауын жаууына байланысты Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: