Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстігінде түнде жауын-шашынды, тек батысы мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде 0+2, топырақта 3 градусқа дейін үсік болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +15+17.
Шымкентте жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +17+19.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде күн күркірейді, бұршқа жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +15+20, түнде +7+12.
Түркістан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с желтұрады, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз оңтүстік-шығысында нөсер ажңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, 15-0 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +9+14, түнде 0+5 (солтүстігінде -3).
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +23+28 (оңтүстігінде +31), түнде +14+19.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +13+18.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +3+8.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел күшейеді, күн күркірейді. Күндіз +27+32, түнде +13+18
Атырау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күн күркірейді. Күндіз +19+24, түнде +7+12.
Батыс Қазақстан облысында күндіз +14+19, түнде 0+5 (топырақта -1).
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +1+6.
«Түнде кей жерлеред үсік күтіледі – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында -1-6, Қостанай, Қарағанды облыстарында -3, Ақтөбе облысында -1, Батыс Қазақстан облысында топырақ бетінде -1»,- деді синопткитер.
Сонымен қатар, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
«Алдағы тәулікте Түркістан облысында және республиканың шығысындағы өзендерде нөсер жаңбыр салдарынан су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді»,- деп ескертті синоптиктер.




adimage