Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен шығысында жаңбыр жауады

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен шығысында жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Бұрынғысынша антициклонның әсерінен республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысы мен шығысында ғана фронталдық бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, күн күркірейді. Республиканың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде түнде және ертеңгісін тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан , оңтүстіктен -5-10 м/с жел тұрады, +20+22. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жаумайды, 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +26+28
Жамбыл облысында кей жерлерде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с, +26+31
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады, +14+19.
Күндіз Атырау облысында кей жерлерде бұршақ жауады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады,  +18+23.  
Қызылорда облысында  күндіз кей жерлерде  күн ашық, жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, +28+33.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Түркістан, Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +20+25, +25+30, +28+33, +20+25. Бұл ретте Ақтөбе және Қостанай облыстарында күндіз аздаған жаңбыр жауады, Маңғыстау облысында түнде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді.  
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, күн ашық, жауын-шашынсыз,   +17+22.
  Павлодарда, түнде және ертеңгісін Ақмола, Қарағанды облыстарында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман,  сәйкесінше, +12+17, +17+22, +16+21.  
Алматы өңірінде күн ашық, жауын-шашынсыз,  +24+29. Батыс Қазақстан өңірінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді,    +20+25.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атыраудың басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі.


adimage