Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:16, 13-11-2018.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында кей жерлерде қар жауады, тек батысы мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман күтіледі, екпінді жел тұрады, солтүстігінде жолдарда көктайғақ», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-батысында, батысында 7-1 м/с жел тұрады, күндіз -6-8.  Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда күн бұлтты, түнде және ертеңгісін қар жауады, тұман, 0-5 м/с жел тұрады, -5-7
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі,   15-20 м/с жел тұрады, екпіні   23-28 м/с, түнде қар жауады,  -1+4.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстанда, түнде және ертеңгісін Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел күтіледі, сәйкесінше, -2-7, -4-9, -13-18, -4-9, -6-11. Бұл ретте Қостанай облысынан басқа барлық аталған өңірлерде қар жауады деп күтіледі.
Маңғыстауда, түнде Атырау, Ақмолады, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше,  -2+3, 0-5, -3-8, -1-6. Бұл ретте тек Қызылорда облысында ғана кей жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ күтіледі, жалпы өңірде күн ашық, жауын-шашынсыз,  -5-10.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз, 0-5, 0-5.
Павлодар облысында қар жауады, -5-10.
Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі, солтүстіктегі, орталық пен шығыстағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы байқалады.


Жаңалықтармен бөлісу: