Сейсенбі күні Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысы мен солтүстік–батысында жаңбыр күтіледі

Күні: 09:20, 28-05-2019.

Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысы мен солтүстік–батысында жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігі жоғары қысым алаңында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты батысында, оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы сақталады - жаңбыр жауады, Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігінде –шаңды дауыл соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-18 м/с жел тұрып, оңтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +8+10.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +24+26, түнде +12+14.
Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +15+17.
Атырау облысында жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде күн күркірейді, түнде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде дауыл соғады, күн күркіреуі мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +15+20.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +10+15
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігіі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +15+20.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +10+15.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +24+29, түнде +6+11.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде -3 градус үсік сақталады. Күндіз +15+20, түнде +2+7.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде топырақта -2 градус үсік күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +2+7 (топырақта -2).
Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +14+19.
Түркістан облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +15+20.
Алматы облысында күндіз +21+26, түнде +9+14.
Ақмола облысында ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +5+10.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады, айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейінің төмендеуі жалғасады», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: