Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталдық бөліктер бұрынғысынша республиканың батысына, шығысы мен оңтүстік-шығысына өз ықпалын тигізіп отыратын болады, бұл аймақтарда кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және ертеңгісін республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін тұман, батыстан 2-7 м/с жел тұрады, күндіз +17+19.. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +20+22.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, сәйкесінше, +17+22, +18+23, +16+21, +15+20, +14+19, +10+15, +23+28. Бұл ретте Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады деп күтілуде.
Жамбыл облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, күндіз 15-20 м/с, +20+25.
Күндіз Қызылорда, Түркістан, Ақтөбеде, түнде Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, +19+24, +23+28, +23+28, +16+21. Бұл ретте Батыс Қазақстан өңірінде түнде жаңбыр жауады.
Алматы және Атырау облыстарында күндіз жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, +17+22, +23+28.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде үсік күтіледі, -1-3.
Түркістанда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.
Сейсенбі күні Қазақстанның батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді
