Сейсенбі күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:45, 17-05-2021.

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«18 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде қатты күн күркірейді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
18 мамырда Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстікте қатты ыстық 35 градус күтіледі. Жел оңтүстік- шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.
«18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 18 мамырда найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады күндіз күші 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Сейсенбі күні Қарағанды облысында күн күркірейді.
«Күндіз 18 мамырда Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық, кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан желіне ауысады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: