Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ, бұрқасын және тұман күтіледі

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ, бұрқасын және тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«18 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 18 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі», - делінген хабарда.

18-20 ақпанда Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қ.: 18-20 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 18-20 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

18 ақпанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау қ.: 18 ақпанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.

18 ақпанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

18 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтау қ.: 18 ақпанда түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

18 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

18 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 18 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

18 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

18 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 18 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 18 ақпанда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с.

18 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.

18 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 18 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

18 ақпанда түнде Қостанай облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 18 ақпанда түнде қар, бұрқасын күтіледі.

18 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.

adimage