Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Оңтүстік циклон республиканың солтүс тігінде, шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында кей жерлерде жауын-шашын тудырады, қалған аумақта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді», - дейді синоптиктер.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және ертеңгісін қар жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 метрге дейін жетеді. Түнде -10-12, күндіз -7-9.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жауын-шашын болады. Түнде және ертеңгісін тұман. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр. Түнде 0+2, күндіз +4+6 температура.
Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 6 метрге дейін жетеді. Күндізгі температура + 8+10, түнде 0-2.
Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, арты аздаған қарға ұласады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с дейін жел тұрады, екпіні 28 метр/секундқа жетеді. Күндіз +4+9, түнде -3+2.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 метр/секунд жел тұрады, күндіз төменнен сырма соғады. Күндіз -5-10, түнде -13-18.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде +1+6.
Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман түседі, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз -2-7, түнде -10-15
Ақмола облысында кейбір жерлерде бұрқасын тұрады, тұман. Күндіз -10-15, түнде -20-25.
Жамбыл облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Түркістан аймағында кейбір жерлерде тұман күтілуде. Күндіз +8+13, түнде -4 + 1.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, кей жерлерде тұман күтілуде, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Түркістан облысында кейбір жерлерде тұман болжануда. Күндіз +6+11, түнде -2+3.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -8-13, түнде -17-22.
Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз 0-5, түнде -7-12 градус.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күндіз -16-21, түнде -25-30.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -10-15, түнде -18-23.
«Алдағы күндерде кейбір шығыс өзендерінде мұз құбылыстарының салдарынан су деңгейінің көтерілуві күтіледі», - деп болжайды синоптиктер.

adimage