Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар облыстарында қар жауады деп күтілуде

Күні: 09:22, 12-02-2019.

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар облыстарында қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталдық бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның бірқатар облыстарында қар жауады, батысында, солтүстік-батысында және орталығында күн ашық, жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -8-10.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +1+3.
Шымкентте бұлтты, 5-17 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +11+13 , түнде 0+2.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 17-22 м/с жел тұрады, шалғай аудандарда 28 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с. Күндіз -3+2 (оңтүстіінде +8), түнде -8-13 (оңтүстігінде -2).
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, күндіз кей жерлерде15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -6-11, түнде -10-15.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, кндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12, түнде -17-22.
Жамбыл облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады (күндіз кей жерлерде), кей жерлерде тұман, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -6-11, түнде -18-23.
Түркістан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+13, түнде -2-3.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -10-15, түнде -20-25.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -7-12, түнде -14-19.
Ақтөбе облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -7-12, түнде -15-20.
Қарағанды облысында түнде және ертеңгісін тұман күтіледі. Күндіз -9-14, түнде -18-23.
Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз -4+1, түнде -6-11.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -12-17, түнде -23-28.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау маңы аумақтарында қардың еруі және су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: