Сейсенбі күні Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«6 тамызда Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Қостанай қ: күндіз 6 тамызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«6 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 6-7 тамызда күндіз кей жерлерде 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қ.: 6-7 тамызда күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі», - деді «Қазгидрометтен».
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«6 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Күндіз 42°С қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage