Сейсенбі күні Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын мен тұман болжанып отыр

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның көп бөлігінде сейсенбі күні кей жерлерде жауын-шашын тұрады, тұман мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Астанада сейсенбі күні көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, таңертең тұман күтіледі, шығыстан жел 5-10 м/с, ауа температурасы күндіз +3+5.
Алматы ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, жел 0-5 м/с, ауа температурасы +16+18.
Қостанай облысында кей жерлерде жауын-шашын тұрып, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел  15-20 м/с, ауа температурасы 0,+5. Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Павлодар облыстарында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман сақталады, күндіз сәйкесінше 0,+5, +2+7 және 0,+5.
Қарағанды облысында кей жерлерде жауын-шашын мен тұман, көктайғақ күтілуде, ауа температурасы +3+8. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, синоптиктер +5+10 болады деп болжап отыр.
Алматы облысында жаңбыр жауады, ауа температурасы +13+18. Оңтүстік Қазақстанда, Жамбыл мен Қызылорда облыстарында кей жерлерде жауын жауып, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз сәйкесінше +14+19, +14+19 және +13+18.
Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жауын-шашын тұрып, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз сәйкесінше +2+7 мен 0,+5. Атырау облысында жаңбыр, түнде кей жерлерде көктайғақ күтіледі, ауа температурасы 0,+5. Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашын тұрып, кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, синоптиктер +1+6 жорамалдауда.
Алдағы тәуліктерде Батыс Алтай өзендерінде су деңгейлерінің құлдырауы жалғасады. Республиканың жекелеген оңтүстік және оңтүстік-шығыс өзендерінде су деңгейінің құбылуы күтіледі. Сырдария мен Ертіс өзендерінде арналық реттеудің салдарынан су деңгейінің құбылуы байқалады.

adimage