Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде кей жерлерде жаңбыр жауады, тек оңтүстігі мен батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +8+10.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін өткінші жаңбыр жауады, найзағай. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +14+16.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +17+19.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде бұршақ жауады, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +4+9.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +8+13.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде дауыл тұрады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Павлодар облысында күндіз кей жерлеред өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел +тұрады. Күндіз +17+22, түнде +9+14.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, тұман түседі, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +14+19, түнде +2+7..
Ақмола облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде – тұман, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +5+10.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +17+22.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде шаңды дауыл соғады, түнде кей жерлерде дауыл тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +17+22.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +7+12.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +14+19.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +16+21.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +17+22.
Атырау облысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +17+22.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


adimage