Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ашық ауа райы күтіледі

Күні: 10:18, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан аумағында сейсенбі күні кей жерлерде жауын-шашын, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Астанада сейсенбіде көшпелі бұлт тұрады, таңертең және күндіз қар жауады, көктайғақ болады, оңтүстік-батысқа ұласпалы оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 9-14 м/с, ауа температурасы -3-5.
Алматы ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 0-5 м/с, ауа температурасы күндіз +5+7.
Солтүстік Қазақстанда, Қостанай облысында кей жерлерде жауын-шашын тұрады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, күндіз 0,-5. Ақмола облысында қар, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтілуде, жел 15-20 м/с, ауа температурасы 0,-5. Павлодар облысында кей жерлерде азғантай қар жауады, ауа температурасы күндіз -1-6.
Қарағанды облысында кей жерлерде жауын-шашын мен тұман күтіледі, синоптиктер 0,-5 болжап отыр. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашын және тұман тұрады, ауа температурасы 0,-5.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы күндіз сәйкесінше +3+8, +6+11 және +5+10. Жамбыл облысы жауын-шашынсыз болады, көктайғақ күтіледі, күндіз +3+8.
Маңғыстау, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман күтіледі, ауа температурасы сәйкесінше +7+12, +3+8 және +2+7. Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашын мен тұман күтіледі, синоптиктер 0,+5 болады деп жорамалдауда.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстағы жекелеген өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады. Шардара су қоймасының үстінжегі Сырдария өзенінде Қайраққұм су қоймасынан су тастандыларының ұлғаюына байланысты су шығынының ұлғаюы күтілуде. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде су бетінің салқындауы мен мұз қабатының түзілу процесі білінеді.


Жаңалықтармен бөлісу: