Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік батысында ғана жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:13, 25-12-2018.

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік батысында ғана жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК басапасөз қызметінен.
«Қазақстанның батысында, оңтүстік батысы мен оңтүстік аумағында кей жерлерде жауын-шашынды, қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман сақталады, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -30-32, күндіз -20-22.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -8-10, күндіз -2-4.
Шымкентте бұлтты, 1-6 метр/секунд жел тұрады. Күндіз +4+6, түнде -5-7.
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, жолдарда көктайғақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -12-17.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -7-12.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, түнде қатты аяз күтіледі. Күндіз 0-5, түнде -4-9.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, кей жерлерде көктайғақ, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -3+2, түнде -3-8.
Атырау облысында кей жерлерде тұман, кей жерлерде көктайғақ, кей жерлерде қар жауады. Күндіз 0-5, түнде -4-9.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман. Күндіз -15-20, түнде -25-30.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман, кей жерлерде төменнен сырма соғады. Күндіз +2+7, түнде -4-9.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -20-25, түнде-29-34.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, арты аздаған қарға ұласады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Кей жерлерде көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Ақтөбе облысында кей жерлерде 18 м/с жел тұрады. Күндіз -10-15, түнде -13-18.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, қатты аяз күтіледі. Күндіз -27-32, түнде -35-40.
Павлодар облысында қатты аяз күтіледі. Күндіз -27-32, түнде -35-40.
Ақмола облысында кей жерлерде қатты аяз күтіледі. Күндіз -24-29, түнде -32-37.
Қарағанды облысында кей жерлерде қатты аяз күтіледі. Күндіз -16-21, түнде -25-30.
«Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы, оңтүстік шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі. Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария өзенінде мұз қату құбылысы күшейеді, су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.
.


Жаңалықтармен бөлісу: