Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:29, 30-07-2019.

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Циклонның және онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде 18+20.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +22+24.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +34+36.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +22+27, түнде +11+16.
Павлодар облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +17+22.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, кей жерлерде қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +26+31, түнде +13+18.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +26+31, түнде +15+20.
Жамбыл облысында кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады. Төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +20+25.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +20+25.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +15+20.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +19+24.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз+28+33, түнде +14+19.
Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +29+34, түнде +20+25.
Қызылорда облысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +34+39, түнде +20+25.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай. Күндіз +29+34, түнде +20+25.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз+23+28, түнде +10+15.
«Алдағы тәулікте ресубликаның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: