Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

Астана. 14 мамыр. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын түседі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батысында тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл, бүршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +5+7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +11+13.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +15+17.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +7+12, түнде +3+8.
Павлодар облысында күндіз жауын-шашын түседі, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +7+12, түнде -1-6.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде даулы тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде +5+10.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +18+23 (шығысында +15), түнде +3+8 (солтүстік-шығысында -3).
Ақмола облысында күндіз күндіз өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +17+22, түнде +3+8.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +15+20.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +10+15.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +16+21.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +8+13.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +30+35 (жағалауда +20+25), түнде +15+20.
Атырау облысында күндіз жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр ажуып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +20+25, түнде +15+20.
Алматы облысында күндіз +25+30, түнде +8+13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Павлодар облысы маңындағы Ертіс өзенінде су көлемінің азаюы жалғасады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді»,- деп ескертті синоптиктер.


adimage