Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:14, 06-11-2018.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі бұрынғысынша белсенді фронталдық қызмет аймағында болады, соған байанысты құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.   Кей жерлерде екпінді жел күтіледі, тұман, көктайғақ, солтүстік-батысында төменнен сырма соғады», - делінген синоптиктердің хабарында.  
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынды, күндіз аздаған жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, 9-14м/с, ауа температурасы түнде және күндіз 0 шамасында.  Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.  
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +9+11.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, -2+3, 0-5, -1+4.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында  жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Қостанай облысында төменнен сырма соғады, сәйкесінше, 0+5, -3+2, -2+3.
Түркістан облысында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады,  +10+15.
Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстанда, түнде Атырау, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында  күндіз 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +9+14, +6+11, 0+5, +5+10, +7+12. Бұл ретте Маңғыстауда күндіз, Атырау облысында түнде жауын-шашынды.
Қызылорда өңірінде жауын-шашынсыз, +10+15.
Ақтөбе облысында түнде жауын-шашынды,   +2+7.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі, солтүстіктегі, орталық пен шығыстағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы байқалады.  


Жаңалықтармен бөлісу: