Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде қар аралас жауын жауады деп күтілуде

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде қар аралас жауын жауып, жел күшейіп, ауа температурасы суытады, деп ескертеді «Қазгидромет» РМК.
«21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашындатып, түнде және таңертең кей жерлерінде нөсерлетіп, таулы айматарында арты қарға айналады. Кей жерлерінде оңтүстік-батыс, солтүстік-батыстан соққан жел 17-22 м/с болады, тау асуларында екпіні 25 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-5 үсік,  кей жерлерінде 8 градус жылы, Төлеби ауданының таулы аймақтарында минус 3 градусқа дейін суытып, күндіз 7-12, кей жерлерінде 17 градус жылы болады», - делінген ведомство дүйсенбі күні таратқан дауылдық ескерутінде.  
Сонымен қатар 21 қазанда Жамбыл облысында түнде жауын жауады, таулы аймақтарында нөсер, арты қарға айналады. Кей жерлерінде 17-22 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы 12-17 градус, кей жерлерінде 9 градус жылы болады.

adimage