Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен батысында жаңбыр күтіледі

Күні: 09:38, 31-03-2020.

Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен батысында жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай кей жерлерде жаңбыр күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде оңтүстігінде күн күркірейді, түнде шаңды дауыл соғады, шығысында түнде және ертеңгісін тұман, жел күшейеді», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 1-6 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде -1-3.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде 0 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +8+10.
Жамбыл облысында өткіншщі жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде 0+5.
Түркістан облысында жаңбыр күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +21+26, түнде +7+12.
Қостанай облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, 18-23 м/с жел тұрады, күндіз желдің екпіні 28 м/с дейін жетеді. Күндіз +15+20, түнде -4+1.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +8+13, түнде -1-6.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +7+12, түнде 0-5.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +7+12, түнде -1-6.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +15+20), түнде 0-5 (оңтүстігінде +3).
Ақтөбе облысында жауын-шашын күтілмейді, Мұғалжар ауданында 18 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр күтіледі. Күндіз +15+20, түнде +3+8.
Атырау облысында күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +13+18, түнде +6+11.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауады. Күндіз +12+17, түнде +8+13.
Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде күн күркірейді. Күндіз +18+23, түнде +2+7.
Шығыс Қазақстан облысында ертеңгісін және түнде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -4-9.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерінде мұз жамылғысының әлсіреуі жалғасады, су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Жазықтықтағы көптеген өзендерде мұздың ары қарай еруі байқалады, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: