Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:34, 05-02-2019.

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталдық бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, жауын-шашын түседі, күндіз республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашын болмайды деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, қар, бұрқасын. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз және түнде -23-25, күндіз ары қарай төмендей береді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кешке қарай жауын-шашын, көктайғақ. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +3+6, түнде -3-5.
Шымкентте күндіз жаңбыр аралас қар жауады, түнде-жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз және түнде -1+1.
Ақмола облысында қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде- бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз және түнде -28-33, ары қарай төмендей береді.
Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/ жел тұрады. Күндіз -23-28, түнде -25-30.
Павлодар облысында күндіз және түнде кей жерлерде қар, кей жерлерде бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -25-30, түнде -28-33.
Қарағанды облысында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -10-15, түнде -15-20.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -15-20, түнде -20-25.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз және түнде -30-35.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +2+7, түнде -2-7.
Түркістан облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тауларда және тау маңдарында қатты жауын-шашын түседі, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасы, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз және түнде -2+3.
Қызылорда облысында кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -8-13.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, түнде кей жерлерде қар аралас аздаған жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -15-10.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде 17-22 м/с жел тұрады, күндіз көктайғақ. Күндіз +1+6, түнде -3-8.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған қар күтіледі. Күндіз және түнде -15-20 (шығысында -25)..
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді », - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: