Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:18, 30-10-2018.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі,  тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ғана  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.  Кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстігінде-көктайғақ, бұрқасын», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз (көбіне қар жауады), күндіз көктайғақ, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, түнде және күндіз ауа температурасы 0 градус шамасында,  күндіз ары қарай төмендей береді. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +15+17.
Ақмола, Павлодар облыстарында жауын-шашынды, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,   -3+2, +1+6.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынды, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, төменнен сырма соғады,  -2+3.
Қарағанды, Қостанай облыстарында жауын-шашынды, кей жерлерде көктайғақ, төменнен сырма соғады, 15-22 м/с жел тұрады,  -1+4, -3+2.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынды, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 17-22 м/с жел тұрады,  +5+10.
Түркістан облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады,   +12+17.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында тұман күтіледі,   сәйкесінше, +12+17, +13+18, +7+12, +2+7, +13+18. Бұл ретте Атырау облысында жаңбыр жауады.  
Қызылордада аздаған жаңбыр жауады,   +12+17.
Ақтөбе облысында түнде жауын-шашынды,    0+5.
Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы және оңтүстігіндегі жекелеген өзендерде жауын-шашын салдарынан су деңгейінің көтерілуі күтіледі, республиканың басқа өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады.  


Жаңалықтармен бөлісу: