Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:14, 26-02-2019.

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашынды (көбіне қар жауады), кейде жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз 0-2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +8+10.
Шымкентте жаңбыр аралас қар жауады, 5-15 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде 0+2.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ, 18 м/с жел тұрады.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -2-7 және түнде -11-16.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -15-20 (оңтүстігінде -8-13).
Қызылорда облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қалың қар жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Жамбыл облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -3+2.
Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -5-10, түнде -13-18.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде 0-5.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+13, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -13-18.
Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -11-16.
Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, күндіз 18 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -15-20.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -15-20.
Атырау облысында күндіз қар жауады, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -5-10.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +2+7, түнде -2+3.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, шығысы мен батысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың еруі және қар суының қалыптасуы, мұз қату құбылыстарының әлсіреуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: