Сейсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, күтіледі. Петропавл қ: 21 қаңтарда түнде қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«Жақын арада, күн соңына дейін 20 қаңтар және тәулік бойы 21 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ сақталады. 21 қаңтарда күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Қостанай қ: таңертең және күндіз 21 қантарда қар, көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«21 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді синоптиктер.

adimage