Сейсенбі күні Қазақстанның үш облысында найзағай және күшті жел күтіледі

Күні: 18:30, 17-06-2019.

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«18 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 18 маусымда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. 18-20 маусымда кей жерлерде солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
«18 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Оңтүстік–шығыстан cоққан жел батысқа ауысып кей жерлерде 15-20 м/с», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.


Жаңалықтармен бөлісу: