Сейсенбі күні Қазақстанның үш облысында үсік және қатты жел күтілуде

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның үш облысында үсік және қатты жел күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 мамырда Ақтөбе облысында түнде кей жерлерінде 1 градус үсік күтіледі. Ақтөбе қ.: 21 мамырда түнде топырақта 1 градус үсік күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ хабарланғандай, 21 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін қатқақ күтіледі.
«21 мамырда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай сақталады. Қызылорда қ.: 21 мамырда түнде найзағай, күндіз солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с сақталады», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-95%.

adimage