Астана. 4 қыркүйек. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның шығысында түнде қар жауады, солтүстік-батысында жаңбыр жауады, қалған өңірлерде жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде шығыста жаңбырдың арты қарға ұласады. Қазақстанның қалған аумағына антициклон ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын -шашынсыз. Кей жерлерде жел тұрады, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады. Түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман», - деп хабарлады синоптиктер.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен орталығында метеоболжамға сәйкес түнде кей жерлерде қатқақ сақталады.
«Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман. Қостанай облысында – кей жерлерде тұман. Түркістанда, күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Қызылорда және Маңғыстау облыстарында – кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, Қызылордада күндіз желдің екпіні 23 м/с жетеді», - делінген хабарда.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +16+18.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 20+22.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, +19+24.
Ақтөбе облысында күндіз жауын-шашынсыз, ауа температурасы +20+25, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, күндіз +20+25.
Қостанай облысында алдағы тәулікте кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін, күндіз +14+19.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, күндіз +24+29.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз +13+18, жауын-шашынсыз.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, күндіз +20+25.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, күндіз +13+18.
Маңғыстау облысында күн ашық, +25+30.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, +13+18, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды.
Атырау облысында күн ашық, күндіз +24+29.
Қарағанды облысында да жауын-шашынсыз, күндіз +13+18.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күндіз +25+30.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, +7+12, түнде кей жерлерде жауын-шашынды.
«Қызылорда, Түркістанда, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде -3 дейін қатқақ күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шетіндегі Сырдария өзенінде су деңгейі құбылып тұрады.
Сейсенбі күні Қазақстанның шығысында түнде қар жауады, солтүстік-батысында жаңбыр жауады, қалған өңірлерде жауын-шашынсыз
