Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында жаңбыр жауады, күн күркірейді деп күтілуде

Астана. 20 тамыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында жаңбыр жауады, күн күркірейді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел тұрады, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, республиканың солтүстігінде кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +24+26, түнде +13+15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +26+28, түнде +15+17.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +15+17.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +19+24, түнде +11+16.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде түнде жне ертеңгісін тұман күтіледі, 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +10+15.
Алматы облысында таулар мен тау маңдарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-25 м/с жел тұрады. Күндіз +26+31, түнде +13+18.
Жамбыл облысында ертеңгісін және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +12+17.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +18+23.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +7+12.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +10+15.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +24+29, түнде +13+18.
Батыс Қазақстан облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, ауа температурасы күндіз+33+38, түнде +16+21.
Атырау облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Күндіз +34+39, түнде +19+24.
Ақтөбе облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +18+23.
Маңғыстау облысында күндіз +32+37, түнде +20+25.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
«Алдағы тәулікте ресубликаның шығысындағы таулы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су көлемі артады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.

adimage