Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, шығысында жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады. Батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз -7-9, түнде -12-14.
Алматыда көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады, тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -2-4, түнде -7-9.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде -10-12.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде тұман түседі, түнде барлық өңірде қар жауады, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -7-12.
Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -12-17.
Қарағанды облысында аздаған қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ. Күндіз -3-8, түнде -9-14.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде –12-17.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, Күндіз -1-6, түнде –7-12..
Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2+3, түнде -7-12.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -8-13.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -7-12.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -8-13.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -11-16.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұқман түседі. Күндіз -7-12, түнде -13-18.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -7-12.
Маңғыстау облысында күндіз 0+5, түнде -2-7.
«Алдағы күндері республиканың шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде мұз қату ары қарай жалғасады, жекелеген өзендерде мұз қатады, су деңгейі құбылады, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - дейді синоптиктер

adimage