Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысы мен шығысында жаңбыр және қар жауады деп күтілуде

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысы мен шығысында жаңбыр және қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстік-батысы мен шығысындағы өңірлерде кей жерлерде қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, көктайғақ, тұман, тек шығысында төменнен сырма соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0, түнде -6-8 шамасында.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +6+8, түнде -2-4..
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+15, түнде -1+1.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз -3+2, түнде -4-9.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -3-8.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -4-9.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған аздаған қар жауады, төмемннен сырма соғады, тұман түседі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -13-18.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде -1-6.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде +4+9.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -10-15.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -8-13.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде -2+3
Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +4+9, түнде 0-5.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -2-7.
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +5+10, түнде -3-8.
«Алдағы күндері республиканың таулы өзендерінде су көлемінің құбылуы байқалады. Республиканың солтүстік жартысындағы өзендерде су бетінің салқындауы жалғасады және мұз қату күшейеді», - дейді синоптиктер

adimage