Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігі мен шығысында ғана жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігі мен шығысында ғана атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан, батыстан 5-10 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 14 м/с, +15+17. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +15+17.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады, +23+28.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 15-20 м/с жел тұрады, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 3-28 м/с, Қостанай өңірінде аздаған жаңбыр жауады, сәйкесінше, +14+19, +13+18.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстанда, күндіз Павлодар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, сәйкесінше, +13+18, +13+18, +12+17, +11+16, +15+20, +15+20, +13+18, +17+22
Жамбыл облысында түнде аздаған жаңбыр жауады, ШҚО-да түнде аздаған жауын-шашынды, Түркістан облысында күндіз және түнде жауын-шашынды.
Алматы облысында түнде аздаған жауын-шашынды, +13+18.
Атырау және Ақтөбе өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз, +16+21, +13+18.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, +12+17.
Маңғыстауда, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте синоптикалық болжам негізінде, Республика өзендерінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Сырдария өзенінде су деңейінің көтерілуі күтіледі.
Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігі мен шығысында ғана жауын-шашынды ауа райы күтіледі
