Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауған қардың арты қарға ұласуы мүмкін

Астана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауған қардың арты қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым блігінде жаңбыр сақталады, түнде және ертеңгісінгі уақыттарда солтүстік-батыста, солтүстігі мен орталығында жауған қардың арты қарға ұласуы мүмкін, тек батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.   Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығысында жекелеген аудандарда күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстік және орталық бөлігінде түнде және ертеңгісін тұман түседі, үсік күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман, солтүстіктен 5-10 м/с жел тұрады, +10+12.   Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+25
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді,  нөсер жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, +9+14.  
Қостанай облысында адаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, +10+15.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде түнде және ертеңгісін тұман, жаңбыр, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, +6+11, +7+12.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, ертеңгісін тұман, түнде 15-20 м/с жел тұрады, +8+13.
Жамбылда, ертеңгісін және күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, бұл ретте үш өңірде де жауын-шашынсыз, сәйкесінше,  +23+28, +27+32, +25+30. Алматы облысында да жауын-шашынсыз, бірақ таулы өңірде аздаған жаңбыр жауады,  +23+28.
Ақмола облысында – кей жерлерде тұман, жауын-шашынсыз, +7+12.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерде үсік күтіледі, -1-3.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз, сәйкесінше, +27+32, +22+27, +23+28. Атырау өңірінде аздаған жаңбыр жауады, +25+30.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі.  Түркістан және Қызылорда облыстарының шетіндегі Сырдария өзенінде су деңгейінің құбылуы күтіледі.

adimage