Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында ғана кей жерлерде жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:15, 23-10-2018.

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында ғана кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында ғана  циклонның өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады – кей жерлерде жауын-шашын түседі.   Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін тұман, солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады 3-8 м/с, +2+4.   Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +17+19.
  Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынсыз, тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, -2+3.
Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында күндіз ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +14+19, +21+26, +18+23.
Қарағанды, Ақмолада, түнде және ертеңгісін Қостанай облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, +1+6, +2+7, +5+10.
Алматы және Қызылорда облыстарында да күн ашық, жауын-шашынсыз,  +15+20, +17+22.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз,  сәйкесінше,  +15+20, +12+17, +8+13.
Павлодар облысында түнде аздаған жауын-шашынды,  0+5.
Алдағы тәулікте Қайраққұм су қоймасынан ығысқан судан толқынның таралуы салдарынан Шардара су қоймасына судың келуінің артуы сақталады. Республиканың шығысындағы өзендерде қатты жауын-шашын салдарынан су деңейінің көтерілуі күтіледі, еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы   жекелеген өзендерде су деңгейі құбылып тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: