Сейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі

Күні: 18:56, 26-11-2018.

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – 27 қараша, сейсенбіде Қазақстанның төрт облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ, деп хабарлады «Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен.  
«27 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, онтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі. 27 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Сондай-ақ, хабарланғандай, 27 қарашада Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Шымкент қ.: 27 қарашада кей уақытта тұман, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 27 қарашада кей уақытта көктайғақ, түнде және таңертең оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
«27 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Актау қ: 27 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі», - деп атап өтті синоптиктер.  
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: