Астана. 16 қазан. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның тек оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Бұрынғысынша республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын түседі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде қалың жауын-шашынды, тек оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел тұрады, тұман, көктайғақ», - делінген синоптиктердің болжамында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, солтүстіктен 5-10, екпіні 14 м/с жел тұрады, күндіз 0+2. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда бұлтты, кейде жауын-шашынды, 3-8 м/с жел тұрады, күндіз +4+6.
Жамбыл облысында жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан астам, +3+8.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с жетеді, сәйкесінше, 0+5, +1+6, 0+5, +1+6, +7+12, +5+10.
Алматы, Түркістан облыстарында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, 15-22 м/с жел тұрады, +4+9, +7+12.
Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, +9+14, 0+5.
Маңғыстау өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, +12+17.
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында аздаған жауын-шашынды, +14+19, +2+7.
Алдағы тәулікте Түркістан облысының шетіндегі Сырдария өзенінде су көлемінің артуы күтіледі. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейі құбылып тұрады.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34