Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батысында, оңтүстік шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы +21+23, түнде +6+8.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Секундына 0-5 метр жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +10+12.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +10+12.
Батыс Қазақстан облысында түман күтіледі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Атырау облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, тұман күтіледі. Күндіз +13+18, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +19+24, түнде +2+7.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +21+26, түнде +7+12.
Түркістан облысында тауларда және тау маңдарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +9+14.
Қызылорда облысында шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +23+28, түнде +7+12.
Жамбыл облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Қарағанды облысында батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік шығысында төтенше өрт қауіптілгіі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +2+7.
Маңғыстау облысында күндіз +20+25, түнде +8+13.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +15+20, түнде +5+10.
Қостанай облысында күндіз +17+22, түнде +2+7.
Ақмола облысында күндіз +20+25, түнде +3+8
Павлодар облысында күндіз +20+25, түнде +2+7.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысындағы таулы өзендерде судың құбылуы байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер.


adimage