Сейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай болады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 16 сәуірде 7-12, кей жерлерде 17 градус жылы, түнде 17 сәуірде 0-5, кей жерлерде 8 градус аязға дейін төмендейді. 16 сәуірде Өскеменде түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. 16 сәуірде Семейде түнде жауын-шашын күтіледі «жааңбырдың арты қарға ұласады), солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Снымен қатар, 16 сәуірде Түркістан облысының түнде кей жерлерінде, күндіз тауда қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
«Шымкент қ.: 16 сәуірде кей уақытта найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 16 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с», - делінген хабарда.
Сонымен қатар хабарланғандай, күндіз 16 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Батыстан жел соғады күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күтіледі..
«Петропавл қ: күндіз 16 сәуірде көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, 16 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с күтіледі..
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage