Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел сотүстік-батысқа ауысады 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз -4-6.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз +3+5.
Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады, 5-12 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде +5+7.
Алматы облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с дейін жел тұрады, екпіні 28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз +1+6, түнде -3-8.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады, Жарма ауданында екпіні 25 м/с дейін жетеді, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман. Күндіз -2-7, түнде -20-25.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысында күндіз адаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде қар жауады, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз және түнде +3+8.
Қызылорда облысында күндіз жне түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, бұрқасын, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -7-12.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, төменнен сырма соғады, түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде төменнен сырма соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -7-12.
Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -5-10.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Атырау облысында кей жерлерде тұман, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -5-10, түнде -10-15.
Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -5-10, түнде -8-13.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -7-12.
«Алдағы тәулікте Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы өзендерінде жауын-шашын салдарынан су деңгейінің көтерілуі күтіледі, оңтүстік - шығыстағы өзендерде мұз қату үрдісінің әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.

adimage