Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,001% -ға 2 266,41 -ден 2 266,39-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 15,1% өсіп, Т158,9 млн. немесе 417 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+2,9%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,0%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,4%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,2%), «Кселл» АҚ (-1,5%), «KEGOC» АҚ (-0,3%) және «Қазақтелеком» АҚ (-2,2%) акциялары төмендеді.
Сейсенбі күні KASE индексі 0,001% -ға 2266,4-ке түсті
