Сейсенбі күні KASE индексі 0,003%-ға 2263,37–ге түсті

Алматы. 23 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,003% -ға 2263,43 -тен 2263,37-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,91% түсіп, Т48,4 млн. немесе $125,8 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан халық банкі» АҚ (+0,001%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,02%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,2%) акциясының бағасы түсті.
KAZ Minerals PLC, «Кселл» АҚ және «KEGOC» АҚ акциялары өзгеріссіз қалды.

adimage