Сейсенбі күні KASE индексі 0,02%-ға 2246,25-ке түсті

Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,02% -ға 2246,73 -тен 2246,25-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,2 есе түсіп, Т87,3 млн. немесе $230,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1%), «Қазақстан Халқы банкі» АҚ (+1,4%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,8%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-1,2%), «Кселл» АҚ (-1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1%).акцияларының бағасы түсті.
«KEGOC» АҚ акциясының құны өзгерген жоқ.

adimage