Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,04% -ға 2170,9 -дан 2170,14-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,3 есе өсіп, Т57,3 млн. немесе $147,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,4%), «KEGOC» АҚ (+0,2%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,5%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ(-0,4%), KAZ Minerals PLC (-1,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,1%) акцияларының бағасы түскен.
«Кселл» АҚ акциясының бағасы өзгерген жоқ.
Сейсенбі күні KASE индексі 0,04%-ға 2170,14-ке түсті
